Экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының
Бірыңғай терезесі

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Өтінішті беру үшін жеке кабинетке кіру

Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен затттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу

Мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

көрсетілетін қызметті алушылар - жеке және заңды тұлғалар

> қызметті көрсету мерзімі - құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде.

қызмет құны - ақысыз.

< құжаттар тізімі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш:

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:

дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;

дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы.

Хабарлама ретінде:

сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;

өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет;

ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін:

өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;

өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы.

Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;

өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі.

парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:

өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың:

дайындаушы (өндіруші) куәландырған (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт), (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептураның электрондық көшірмелері;

дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмелері.

Хабарлама ретінде:

сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;

ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің электрондық көшірмесі;

өнімге, ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі.

парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет;

ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:

өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) электрондық көшірмелері;

өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі.

Хабарлама ретінде:

сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;

өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтерінің электрондық көшірмесі;

өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамамаларының электрондық көшірмелері, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қатаң есептілік бланкісі болып табылатын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.