Экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының
Бірыңғай терезесі

ОБЪЕКТОВ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ СОБСТВЕННОСТИ

Тізілімге енгізу шарттары

Авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын (бұдан әрі - зияткерлік меншік объектілері) кедендік тізілімге енгізу үшін:
1. интеллектуалдық меншік құқығының бар екендігін және кімге тиесілілігін растайтын құжаттар.
2. Құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхат.
3. Өтініш берушінің басқа тұлғаға келтірген зияны үшін жауапкершілік міндеттеме
4. Өтініш берушінің басқа тұлғаға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты
5. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу фактісін растайтын құжат
6. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 461-бабына сәйкес өзге де құжаттар

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Уәкілетті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде қарайды және зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган құқық иеленуші немесе оның өкілі ұсынған құжаттар мен мәлiметтердiң анықтығын тексеру мақсатында үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдарынан құқық иеленуші немесе оның өкілі ұсынған құжаттарды және (немесе) мәлiметтердi растайтын құжаттарды және (немесе) мәлiметтердi сұратуға құқылы.
Аталған тұлғалар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзі сұратқан құжаттарды ұсынуға мiндетті.
Көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзартады, бірақ жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.
Уәкілетті органның зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешiмi уәкілетті орган басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресiмделедi.
Уәкілетті органның зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізуден бас тарту туралы шешімі құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға толық емес немесе анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған кезде, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері бар бірегей тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың айырым белгілерінің сипаттамалары мен бейнелері ұсынылмаған кезде қабылданады.
Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға уәкілетті органның тиісті шешімі туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етіледі. Бұл ретте өтінішке қоса берілетін құжаттар құқық иеленушіге немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаға қайтарылады.

Қызмет көрсетуші

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Өтініш

Форма заявления о включении в таможенный реестр объектов интеллектуальной собственности утверждена Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 30 января 2018 года № 87 «Об утверждении форм заявлений, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года «О таможенном регулировании в Республике Казахстан»» (Ссылка: http://www.adilet.zan.kz/rus/docs/V1800016368).

Мемлекеттік қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген (36-қосымша)

Құқықтық реттеу

1. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі;
2. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінде көзделген декларациялардың нысандарын бекіту туралы »Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығы
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығы;
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 64 «Кеден өкілі міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мөлшері туралы» шешімі.