Экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының
Бірыңғай терезесі

Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) қорытынды (рұқсат)

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру

Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қызмет құны тегін көрсетіледі

Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күні

  • Импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің денсаулық сақтау ұйымымен жасалған, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тең түпнұсқалы аудармасы бар, нотариалдық расталған, адамның гемопоэздік дің жасушаларын және (немесе) сүйек кемігін туыстас емес транспланттауды жүргізу туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі не импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің гемопоэздік дің жасушаларын және (немесе) сүйек кемігін тіркеу функцияларын жүзеге асыратын ұйыммен жасалған, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне теңтүпнұсқалы аудармасы бар, адамның гемопоэздік дің жасушаларын және (немесе) сүйек кемігін туыстас емес транспланттауды жүзеге асыру үшін донор іздеу мен оны жандандыруды жүргізу туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі (міндетті, біліктілік талаптары)
  • туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, олардың үлгілерін биологиялық қауіпсіздікке зерттеу нәтижелерінің электрондық көшірмесі (міндетті, біліктілік талаптары)
  • оның негізінде импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің медициналық ұйымы медициналық қызметтерді көрсететін, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне теңтүпнұсқалы аудармасы бар құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті, біліктілік талаптары)
  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; (электрондық түрде жасалады) (міндетті)(Мәліметтер нысаны)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 80-бабына сәйкес Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Кеден одағыың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында, осы Кодекстің 80-2-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді

  • Егер Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника:
  • клиникалық зерттеулер жүргізуге;
  • дәрілік заттарды сараптауға;
  • дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;
  • нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе
  • аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге;
  • оларды кейіннен сату құқығынсыз көрмелер өткiзуге;
  • төтенше жағдайларды болғызбауға және (немесе
  • олардың салдарларын жоюға;
  • денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тiркелген баламасы жоқ бірегей медициналық техникамен, сондай-ақ бірегей медициналық техниканы жинақтауға жататын және соған арналған медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруға;
  • инновациялық медициналық технологияларды енгізуге арналған болса, оларды уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты
  • негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.Гуманитарлық көмекке (жәрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке арналған дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника (оның ішінде тіркелмегендері) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасына әкелінеді.Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тәркiленуге және жойылуға жатады.